18.01.2024, 18:20
Оқиғалар
Арыс наубайханасында газ баллоны жарылысынан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды
Бұған дейін термиялық күйік шалған екі қызметкер ауыр халде ауруханаға жеткізілгені хабарланған еді
Арыста газ баллоны жарылып, ауруханаға түскен екі адамның біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін термиялық күйік шалған екі қызметкер ауыр халде ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған едік.
Белгілі болғандай, наубайхана мен жақын орналасқан дүкеннің 200 шаршы метрге жуық аумағы өртке оранған. Құтқарушылардың айтуынша, газ баллондарының бірі өрт орнына жақын тұрғандықтан газ тез қызып, жарылыс болған. Екі адамның денесінің 30 және 70 пайызын күйік шалған еді.
Оқиға орнынан 50 литрлік екі газ баллоны және 25 литрлік екі баллон шығарылды.
Көп оқылған
07.09.2026, 12:47
Алматыда екі науқас жындыханадан қашып кеткен: оларды бірнеше айдан бері іздеп жатыр
07.09.2026, 16:10
Астананың қақ ортасында Porsche көлігінің жүргізушісі 197 км/сағ жылдамдықпен жүрді
07.09.2026, 13:17
Щучьедегі алапат жарылыс: 12 адамның қазасына кінәлі дәмхана иесі 7 жылға сотталды
07.09.2026, 14:37
Алматыда тауға шыққан қыз баланы құтқарушылар арқалап түсірді (ВИДЕО)
07.09.2026, 16:45
Алдағы үш күнде ауа райы ыстық болады – «Қазгидромет»