$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.01.2024, 22:04
Оқиғалар

«Тілсіз жау 300 шаршы метрді шарпыды»: Павлодар облысында дүкен өртенді

Өрт сөндірушілер келгенге дейін дүкен қызметкерлері өздігінен эвакуацияланған

«Тілсіз жау 300 шаршы метрді шарпыды»: Павлодар облысында дүкен өртенді

Павлодар облысының өрт сөндірушілері дүкенде болған күрделі өртті жойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

18 қаңтар сағат 13-30-да өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері Павлодар қаласындағы бір қабатты жеке тұрған дүкенде өрт шықаны туралы шақыртуға дереу шықты.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін дүкен қызметкерлері өздігінен эвакуацияланды.

«Қалың түтін мен ашық от өртті сөндіруді қиындатты. Өрттің күрделі дәрежесі жарияланды. Өрт сөндірушілер өрттің көрші ғимараттарға таралуына жол бермеді. Өрттің жалпы ауданы - 300 шаршы метр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Өрт сағат 16:59-да жойылды. Оны сөндіруге 61 қызметкер мен 13 техника жұмылдырылды», - дел3нген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары