$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.01.2024, 15:18
Оқиғалар

Ақтауда арықтаймын деп дәрі ішкен қыздың жүрегі 5 минут бойы тоқтап қалған

Ол дәрігерлердің көмегімен аман қалды

Ақтауда арықтаймын деп дәрі ішкен қыздың жүрегі 5 минут бойы тоқтап қалған
Фото ашық дереккөзден

Ақтауда арықтаймын деп дәрі ішіп, жүрегі 5 минут бойы тоқтап қалған тұрғын дәрігерлердің көмегімен аман қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Qazaqstan.tv хабарлауынша, 30 жастағы бойжеткеннің жүрегіне арнайы аппаратпен дер кезінде ота жасалған.

«Нәтижесінде науқас клинакалық өлімнен оянды. Содан кейін оған 6 күн қатарынан жансақтау бөлімінде көмек көрсетілген», - делінген хабарладама.

Дәрігерлер қазір бойжеткеннің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді.

«Жас қыздар, келіншектер арық болып жүргенді дәреже көретін сияқты. Арықтататын дәрі ішіп, жүрегі тоқтап қалған қызды біздің мамандар 8 минутқа жеткізбей есін жинатып алды. Дәрігерлердің біліктілігінің арқасында, қыз бала аман қалды», - дейді Мейрамгүл Кенжебаев.

Серіктес жаңалықтары