Зардап шеккендер жоқ
Ақтау қаласының маңында тепловоз бен жеңіл көлік соқтығысып, жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Жол апаты түнгі сағат 02:30 шамасында болған. Кезекші пультке Рекон елді мекенінің жанындағы теміржол өткеліндегі жол-көлік оқиғасы туралы шақыру келіп түскен.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, LADA Kalina көлігінің жүргізушісі көктайғаққа байланысты рульді басқара алмай, теміржол өткеліне барып тоқтаған. Зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды.