Атырау облысында зейнеткер өз-өзін өртеп жіберді

Автор: Аягөз Құрмаш

Оның денесінің 70 пайызын күйік шалған

Фотоколлаж Azattyq Rýhy

Атырау облысында зейнеткер өзін өртеп жіберді. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

«13 қаңтар күні сағат 16:45 шамасында Мақат аудандық полиция бөлімінің "102" арнасына Доссор кенті Б.Аймағамбетов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінің жанында 1961 жылғы аудан тұрғыны өзін-өзі өртеп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Аталған хабарлама бойынша оның 70 пайыз денесін күйік шалғаны анықталып, облыстық ауруханаға жеткізілді» - делінген хабарламада.

Орын алған оқиғның нақты себебі мен мән-жайы белгісіз. Бейресми мәлімет бойынша, бұған отбасылық келіспеушіліктер себеп болуы мүмкін.