Жол көлік оқиғасынан 9 көлік зардап шекті
Бүгін сағат 11:30-да Көкшетау қаласынан Астана қаласы бағыты бойынша жол қызметі мен ЖПҚ сүйемелдеуімен машиналар колоннасы ұйымдастырылған болатын. Алайда, қашықтық ережелерін сақтамау себебінен көліктердің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Жол қозғалысы мен қашықтық ережелерін сақтамау себебінен 154 км-де жол-көлік оқиғасы болып, 9 автокөлік соқтығысты.
«Осыған байланысты, құрметті автожол пайдаланушылары, ауа-райының қолайсыздығын назардан тыс қалдырмай және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.
Айта кету керек, автожолды тазалау және көктайғаққа қарсы материалдарды себу жұмыстары жалғасуда. Дәл қазір аталған желіге 20 бірлік жол-пайдалану техникасы жұмылдырылды.