Қарағандыда көп қабатты тұрғын үйден өрт шығып, адамдар құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Құтқарылған 14 адамның ішінде 8-і балалар

Қарағанды ​​қаласында өрттен 14 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«13 қаңтарда он қабатты тұрғын үйдің электр бақылау жәшіктерінде 12 желілік метр электр сымының оқшаулағышы, сондай-ақ арба мен велосипедтің жанғыш бөліктері жанды. Өрт бір сағаттан аз уақытта сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», - делінген хабараламада.

ТЖД күштері құтқару қалпақтарын қолданып, баспалдақпен 14 адамды құтқарды, оның 8-і балалар.