Жолда құтқарушылар мұздың жарылуына байланысты жағаға жете алмай қалған тағы бір балықшыны тауып алды
ТЖМ қызметкерлері Балқаш көліндегі мұздың үстінде қалып қойған балықшыларды құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 қаңтарда сағат 17-00-де Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Балқаш көліндегі мұз айдынында 3 балықшы мұздың үстінде қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түскен.
«Сағат 20-30-да жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мұз айдынына жетіп, 3 балықшыны қайық бортына салып алып, жағаға тасымалдады. Сондай-ақ, жолда құтқарушылар мұздың жарылуына байланысты жағаға жете алмай қалған тағы бір балықшыны тауып алды», - делінген хабарламада.