Жасөспірімдер арасындағы төбелес: Атырау полициясы қылмыстық іс қозғады
Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды

Атырауда жасөспірімдер арасындағы өзара келіспеушіліктің соңы төбелеске ұласқан. Полиция қызметкерлері осыған байланысты қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департаменттің мәліметінше, төбелес 11 қаңтарда Атырау қаласындағы «Авангард» шағын ауданында болған.
«Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желідегі төбелеске қатысқандардың бәрін ұстады. Жасөспірімдер полиция басқармасына жеткізіліп, келіспеушіліктің мән-жайы тексерілді. Алғашында 2007 және 2009 жылғы жасөспірімдердің арасында өзара келіспеушілік орын алған. Сол кезде 2007 жылғы ұл өзінен екі үлкен жасөспірімнің бетінен соққан. Содан кейін таяқ жеген бала өзінің 2007, 2007, 2006, 2009 ж.ылғы достарын шақырып, 2007 жылғы жасөспірімді белгісіз затпен бірнеше мәрте ұрғаны анықталды», - делінген ПД хабарламасында.
Атырау қаласының полиция басқармасының қыметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлімі 2-тармағымен қылмыстық іс қозғады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.