12.01.2024, 12:11
Оқиғалар
Қар көшкіні салдарынан Риддер тұрғындары сусыз қалды
Қазір жөндеу-іске қосу жұмыстары жалғасуда
Фото: altaynews.kz
Риддер әкімдігінің мәліметінше, Громотуха өзенінің шатқалында қар көшкінінің өздігінен түсуіне байланысты кеше су беру тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдай орнына әкімдіктің, арнайы қызметтердің өкілдері жедел түрде барды. Жер асты су жүйесін іске қосу жұмыстары басталды.
«Қазір жөндеу-іске қосу жұмыстары жалғасуда. Судың қысымы көтеріліп келеді. Таңертең сумен жабдықтау іске қосылды. Қала тұрғындарынан сабырлық сақтауды, түсіністікпен қарауды және тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз. Жағдай тұрақты бақылауда», - деп хабарлады қала әкімдігі.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
