«Әкесі болуым мүмкін»: журналист бельгиялықтар асырап алған қазақ баласына қатысты мәлімдеме жасады

Автор: Әмірболат Құсайынұлы

Эдди Жан Бельгияға қайтып кетті 

Фото: ашық дереккөзден

Белгілі журналист әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан жайында тағы бір тың мәліметті жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 «Бармысың, бауырым?» бағдарламасының жүргізушісі Қымбат Досжан Бельгияға қайтып кеткен Жәнібектің әкесі табылып қалуы мүмкін екенін айтты.  

«Мен, Жәнібектің әкесі болуым мүмкін. ДНҚ анализ тапсырайыншы, деп бір Бауыржан есімді азамат хабарласты. Бүгін Әсел Асқарқызымен бірге клиникаға барып, Бауыржан қан тапсырды. Енді нәтижесін күтеміз», - деп жазды Қымбат Досжан.

Бұған дейін ол Жәнібектің анасы болуы мүмкін деген 10 әйел зерттеу нысанына алынған еді. Бірақ одан ешқандай нәтиже шықпады. Еске салайық, бельгиялық қазақ баласы күзде Қазақстандағы туған ата-анасын іздеп келген еді. Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім де берілген екен. Жәнібек біраз уақыт туған елінде болып, елді шарлап жүріп анасын іздеді. Бірақ оынң туған анасы сол қалпы табылмады. Визасының мерзімі аяқталуына байланысты тарихи отанынан кетуге тура келді.