Түркістан облысында малшы өзіне сеніп тапсырылған жылқыларды сатып жіберген

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: polisia.kz

Түркістан облысында малшы өзіне сеніп тапсырылған жылқыларды сатып, ақшаны жаратып жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, ауыл сыртында мал бағатын малшыға малын сеніп тапсырған. Алайда оның сеніп тапсырған үш жылқысын жымқырып кеткен. Күдікті жәбірленуші азаматқа 2 млн теңге шығын келтірген.

Полицейлер аталған фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») бойынша тіркеді.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 44 жастағы ер адамды жеткізіп, одан жауап алды. Белгілі болғандай, күдікті ер адам жылқыларды 2 миллион теңгеге сатып, ақшаны өзінің бас пайдасы үшін жаратқан.

Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.