Алматыда ер адам екі ұлын өлтірді деген күдікке ілінді

Автор: Аманалина Тоғжан

Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото ашық дереккөзден

Алматыда екі ұлын өлтірді деп айыпталған ер адамға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

БАҚ-та тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға бейсенбі күні жалдамалы пәтерлердің бірінде болған. Әжеcінің қарауында болған балаларды әкесі ауруханаға апарамын деп алып кеткен. Балалардың үлкені 5 сыныпта, кішісі 2 сыныпта оқыған. 

«Алмалы аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сараптама тағайындалды. Жағдайлар анықталып жытыр», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.