Олар қылмыс жасағандарын мойындап, қыздың денесін көмген орынды көрсеткен
Талдықорғанда жоғалып кеткен 14 жасар қыздың мәйіті табылды. Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Талдықорғандық Карина Дарохинаның жоғалғанына үш айға жуықтаған. Осы уақыт аралығында оқушы қызды іздеуге еріктілер мен полиция жұмылдырылды.
Бүгін облыс полицейлері жасөспірімнің мәйітін тапты. Каринаның анасы мен өгей әкесі қылмыс жасағандарын мойындап, қыздың денесін көмген орынды көрсеткен.
«Екі ай бұрын жоғалған оқушы қыздың мүрдесі Талдықорған қаласынан 40 шақырым қашықтықтағы Текелі тауынан табылды. Оны отбасылық жанжалдан кейін анасы мен өгей әкесі өлтіріп, жансыз денені автокөлікке салып әкеткен. Осы уақыт аралығында Айсабакиевтер өтірік мәлімет беріп, іздеу жұмысына және тергеу барысына да кедергі келтірді. Қазір олар уақытша ұстау орнына қамалды», - деп хабарлады облыстық полициядан.
Бұған дейін күдікті ретінде жоғалған қыздың анасы мен өгей әкесінің ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.