Олар ауруханаға жатқызылды
2 қаңтар күні Атырау қаласы Көкарна ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы хабарлады. Өрт сөндіру бөлімшелері шақырту орнына келген кезде газ-ауа қоспасының дүмпуі орын алғаны, содан кейін 9 шаршы метр көлемінде қабырғаның қирауы және 140 шаршы метр алаңда үйдің жануы анықталды.
«Өрт сағат 12:03-те оқшауланып, 12:22-де сөндірілді. Салдарынан бес адамды күйік шалып, ауруханаға жатқызылды. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД 16 қызметкері мен үш техникасы жұмылдырылды», - деп хабарлады ТЖД.