Абай облысында терроризмді насихаттаған радикал ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның қолғабыс етуімен Абай облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ол терроризмді насихаттауда күдіктенуде, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы.Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.