Күдіктілер анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды
Алматы облысындағы Өтеген батыр ауылында ауыр жарақат алған ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Іле аудандық полиция басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметінше, 26 желтоқсанда Іле аудандық бөлімшесінің кезекші бөліміне Өтеген батыр ауылындағы көшелердің бірінен ауыр дене жарақаттарымен 40 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Аталған дерек бірден ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша тіркелді.
«Іле аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1993 және 2007 жылы туған екі күдікті анықталып, ұсталды, олар кінәсін мойындады», - делінген хабарламада. клама
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Күдіктілер заңнамада белгіленген тәртіппен қамауға алынды.