Талғарда бір топ қаңғыбас ит жасөспірімге шабуыл жасады

Автор: Azattyq Rýhy

Ит аулау бригадасы жұмылдырылып, оқиға орнына аттанды

Бейнеден кадр

Талғарда бір топ қаңғыбас ит жасөспірімге шабуыл жасады. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бейнежазбадан балалар ойын алаңында жасөспірімге 10-нан астам иттің шабуыл жасағаны көрінеді.

Алматы облысы әкімдігінің хабарлауынша, оқиға орнына арнайы бригада шыққан.

«Ит аулау бригадасы жұмылдырылып, оқиға орнына аттанды. Жағдай туралы қосымша ақпаратты кейінірек, жаңа деректер белгілі болған кезде береміз»,- делінген Алматы облысы әкімдігінің хабарламасында.