Самара-Шымкент тасжолында екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам қайтыс болды

Автор: Аманалина Тоғжан

Тағы бір адам жарақат алған

Фото: freepik.com

Самара-Шымкент тасжолында болған жол апатынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясына сілтеме жасап. 

Бүгін, 25 желтоқсан сағат 11:00 шамасында М-32 «РФ шекарасы-Шымкент» автожолының 987 шақырымында жол көлік оқиғасы болған. 

Ақтөбе облысының Ырғыз елдімекенінен Қарабұтақ ауылына келе жатқан Volvo ауыр жүк көлігі басып басып озу кезінде қарама-қарсы бағытқа шығып, Merсedes жүк көлігімен соқтығысты.

Салдарынан бір адам қаза тауып, біреуі жарақат алған.