Оқиға ауа райының нашарлауына байланысты болған
Маңғыстау облысының Шетпе ауылындағы алаңда құрылған жаңа жылдық шырша бір тәулік өтпей жатып құлап қалды. Бұл туралы жергілікті inAktau порталы жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңа жылдық шыршаның құлағанын куәгерлер видеоға түсіріп алған.
Маңғыстау аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінде бұл оқиға ауа райының нашарлауына байланысты болғанын хабарлады.
«Шырша 21 желтоқсанда орнатылды, орнату толығымен аяқталмады. Кеше Шетпе ауылындағы желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетіп, шырша құлап түсті. Қазіргі уақытта ол көтерілді, монтаждау жұмыстары аяқталады, оның ішінде жоғарыда аталған оқиғаларды болдырмау үшін шыршаның негізін нығайтады. Жасанды шырша жаңа емес, ол былтыр және оның алдындағы жылы да қолданылған», - деп хабарлады әкімдіктегілер.