Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты
Тағы бес адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті
Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты орын алып, үш адам қаза тапты. Тағы бес адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жергілікті «Алау» басылымының жазуынша, 23 желтоқсанда кешке «Алматы – Қостанай – Екатеринбург» тас жолында, Станционный ауылы маңында SsangYong Musso көлігінің 72 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол бойында тоқтап тұрған тіркемесі бар «КАМАЗ» көлігіне соқтығысқан.
«КАМАЗ»-бен соқтығысқан SsangYong кері айналғанда оған бар жылдамдығымен Lada Granta соқтығысады. Салдарынан SsangYong жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. SsangYong көлігіндегі тағы үш жолаушы ауруханаға жатқызылған.
Сонымен қатар, Lada Granta-ның жүргізушісі мен екі жолаушысы да жарақат алды.
Аталған дерекке сәйкес полиция ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі «Абайсызда екі және одан көп адамның өліміне әкеліп соқтырған ЖҚЕ бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.