$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.12.2023, 07:15
Оқиғалар

Прагада студент 15 адамды атып өлтірді

Чехия билігінің айтуынша, бұл халықаралық терроризм емес 

Прагада студент 15 адамды атып өлтірді

Прага орталығындағы атыс болып, кем дегенде 15 адам қаза тапты. Оқ жаудырған университет студенті болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Чехияның құтқару қызметі Прага қаласының орталығындағы атыс салдарынан кем дегенде 15 адам қаза тауып, тағы ондаған адам жараланғанын хабарлайды.

Қарулы адам сағат 16.00 шамасында тәртіп сақшыларының қолынан қаза тапты. Чехия полициясының басшысы Мартин Вондрашектің сөзінше, күдікті 20 жастағы студент және оның бірнеше қаруы болған, бұған дейін полиция ол туралы ештеңе білмеген. Билік бұл «оқиғаның» халықаралық терроризмге қатысы жоқ деп санайды.

Шабуыл жасаған адам жақында болған бірнеше атыстардан, соның ішінде 7 желтоқсанда Брянскіде болған оқиғаға қызыққан болуы мүмкін деп есептеледі. Ол кезде 14 жастағы қыз екі студентті өлтірді. Бұл туралы Чехия полициясының басшысы баспасөз мәслихатында айтты.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, атыс Ян Палах алаңындағы Чарльз университетінің философия факультетінде болған. Бастапқыда сол алаңда орналасқан мектепте оқ атылды деген хабарламалар тарады.

Прагадағы құтқару қызметінің өкілі Яна Пестова 30 адамның жарақат алғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары