«Интимдік видеоларды таратамын»: Шымкентте ер адам экс-сүйіктісінен 20 мың доллар бопсалаған
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды
Шымкенттік тұрғын ️интимдік видеоларын таратамын деп қорқытып, экс-сүйіктісінен миллиондар бопсалаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Отырарға сілтеме жасап.
Жәбірленуші бұрын бірге тұрған ер адамның өзін қорқытып жүргенін бірден полицияға хабарлаған. Арызданушының айтуынша, ер азамат оның интимдік видеоларын интернетке таратпау үшін 20 мың доллар талап еткен.
«Күдіктіні ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері талап етілген соманың 2 миллион теңгесін алу үстінде ұстады. Жайт бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Шымкент қаласы ПД баспасөз хатшысы Бағлан Исатаева.
Құқық қорғаушылар мұндай жағдайларда дереу полицияға хабарлауға кеңес береді