Павлодарда жалғызбасты әкенің пәтері жанып кетті

Автор: Мира Байбек

Ол ерекше баланы өз жалғыз тәрбиелеп отыр

pavlodarnews.kz

Vita еріктілері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек қолын созуға шақырады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Виталий ұзақ жылдар бойы мүмкіндігі шектеулі баласын жалғыз тәрбиелеп келеді. Отбасындағы жалғыз асыраушы саналатын ер адам жалға алған пәтер ақысын төлеп, күн көру үшін күн сайын жұмысқа барады», – дейді «Vita» Павлодар қаласының іздеушілер» ҚБ басшысы Екатерина Кудрявцева.

Баланың тәрбиесіне Виталийдің егде жастағы анасы көмектеседі.  Зейнеткер онкологияға шалдығуы мүмкін деген болжаммен ауруханаға жатқызылады.

«Бала ерекше болған соң түнде нашар ұйықтайды, күндіз түскі уақытта екі-екі жарым сағат қана ұйықтайды. Сол кезде әжесі тамақ дайындап, басқа шаруаларды атқарып үлгереді. Сол күні де әжесі тамақ дайындаған соң нан алу үшін сыртқа шыққан, қайтып келгенде жүрегі тоқтап қала жаздаған», – дейді «Vita» Екатерина Кудрявцева.

Бала ұйқыдан оянған соң ас үйге барып, шырпымен креслоны тұтатқан. Әрі қарай ештеңе түсінбестен балконға шыққан. Тілсіз жаудың кесірінен отқа оранған пәтерді қалпына келтіру жалғызбасты әкеге оңай түспесі анық. Бұған қоса, өрт салдарынан көршілері де зардап шеккен. 

Еске салсақ, Ермак көшесіндегі үш қабатты үйде үшінші қабатта екі бөлмелі пәтер отқа оранды.