Тұрғындардың басым бөлігі эвакуацияланды
Бүгін, 18 желтоқсан күні сағат 14:10-да Шымкент қаласы Қонаев даңғылындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тұрғын үйдің 10 қабатында 17 шаршы метр аумақта ас үй мен лоджия өртеніп кетті. Өрт 14:48-де жойылды. Екі адам ТЖМ қызметкерлерімен құтқарылды, 50 адам өз бетінше эвакуацияланды.
Өрттің шығу себебі анықталуда.