Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік ғимараты өртеніп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Өрт салдарынан елдімекен толығымен жарықсыз қалды

Видеодан кадр

Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде әкімдік ғимараты өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Петропавлньюс порталы хабарлады.

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресеновка ауылында әкімдік ғимараты өртеніп жатыр», - делінген хабарламада.

Воскресеновка ауылдық әкімдігінде болған өрт салдарынан елдімекен толығымен жарықсыз қалды.

Өрт 12 желтоқсанға қараған түні болған.