Ақтауда оқушыны дене шынықтыру сабағы кезінде ит тістеп алған

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға бейнекамераға жазылған

Ақтауда №5 мектепте иесіз ит оқушыға шабуыл жасады. Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, бұл 4 желтоқсанда дене шынықтыру сабағында болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.

«Мектептен қоңырау шалып, баламды ит тістеп алғанын хабарлады. Мен келіп, камералардың жазбасын қарадым, иттің футбол алаңында жүгіріп жүргенін көруге болады. Мұғалім сонда болды, бірақ ол итті қуып шығару үшін күзетшіні шақырмады. Ит балаға шабуыл жасап, қолын тістеп алды. Мен одан неге күзетті шақырмағанын сұрадым,ол итті мейірімді деп ойлағанын айтты», - деді Джульетта Джамиева.

Зардап шеккен баланың анасы балаға жедел-жәрдем шақырылмағанын және баласын ауруханаға өзі апаруына тура келгенін атап өтті.

«Иттің құлағына белгісі болды, мен дәрігерден «мүмкін балаға вакцина салып қажет емес шығар» деп сұрадым. Алайда дәрігер иттің нақты вакцина алғанын не алмағанын білмейтіндіктен, инфекция қаупінің жоқтығына күмән келтірді. Осылайша балаа барлық қажетті процедуралардан өтті», - деді әйел.

Оқушының анасы оқиға орнына полиция өкілін шақырғанын атап өтті.

«Полиция қызметкерлері бұл жағдай туралы БАҚ-та жариялауды сұрады. Қазақстанда бұл өзекті тақырып. Иттердің шабуылынан үш бала қайтыс болды, 81 бала зардап шекті. Оның ішінде менің балам да бар», - деп қосты Джульетта Джамиева.