Ақтөбеде интимдік қызмет көрсеткен және интимдік сипаттағы массаж жасаған 60 қыз анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Фото: Polisia.kz

Ақтөбеде интимдік қызмет көрсеткен және интимдік сипаттағы массаж жасаған 60 қыз анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

1-3 желтоқсан аралығында республика аумағында «STOP-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның барысында Ақтөбе қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интимдік қызмет көрсеткен және интимдік сипаттағы массаж жасаған 60 қызды анықтады.

Аталған адамдар ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы, ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар 4 массаж салоны мен бір сауна анықталды, оның иелері ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.