Алматыда ер адам өлі табылды

Azattyq Rýhy

Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр

Алматыда ер адам өлі табылды
Фото: inbusiness.kz

Алматыда 29 қарашада жоғалып кеткен 34 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, жедел іздестіру іс-шаралары барысында 29 қарашада үйінен шығып кетіп, оралмаған. ПД із-түзсіз жоғалған 1989 жылы туған Тимур Поповтың мәйіті табылғанын хабарлайды.

Құрылған жедел-іздестіру тобы жедел түрде Поповтың жүру бағытын анықтады: ол таксимен Талғар қаласына барған.

«Бүгін, 7 желтоқсан күні сағат 11:00-де полиция қызметкерлері жоғалған азаматтың өзінің әйеліне телефон арқылы «SOS» дабылын жіберген жерден 1,5 шақырым жерде орналасқан «Талгарка» өзенінің арнасына тексеру жүргізді. Нәтижесінде судан жоғалған ер адамның денесі табылды», - делінген хабарламада.

Адам өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.