Қайғылы оқиға Шетпе ауылында болған
Маңғыстау облысында көлік рельске шығып кетіп, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ІnAktau жазуынша, қайғылы оқиға 4 желтоқсанда таңертең Шетпе ауылында болған.
«Оқиға туралы полицияға таңғы сағат 04:50-де хабарланған. Toyota Camry көлігінің 42 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолға шығып кеткен. Жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.
Аталған факті Маңғыстау ауданы бойынша ПБ-на ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы» бойынша тіркелді.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Бұған дейін ШҚО-да жеңіл көлік жүк көлігіне соғылып, соның салдарынан екі адамның қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз.