Конвертопланның бортында барлығы сегіз экипаж мүшесі болды
Өткен аптада Жапонияда апатқа ұшыраған америкалық Osprey конвертопланының апатынан қайтыс болғандардың саны алты адамға жетті. Бұл туралы Жапонияның қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Бұған дейін АҚШ әуе кемесінің қалдықтары және бес экипаж мүшесінің денелері Жапонияның Якусима аралының жағалауынан табылды. Osprey CV-22 бортында барлығы сегіз адам болды.
Сүңгуірлер 29 қарашада Жапонияның Якусима аралының жағалауында апатқа ұшыраған америкалық Osprey конвертопланының бес экипаж мүшесінің денелерін тапты.
Іздеу операциясы АҚШ қарулы күштері мен Жапонияның өзін-өзі қорғау күштерінің бірлескен күшімен жүзеге асырылды.
Апатқа ұшыраған конвертопланның бортында барлығы сегіз экипаж мүшесі болды. Олардың алтауының өлімі расталды.
Белгілі болғандай, апатқа дейін экипаж аралға қонуға рұқсат сұраған. Куәгерлердің айтуынша, конвертоплан ауада өртеніп, аударылып, мұхитқа құлаған.
Токио маңындағы америкалық Йокота әуе базасына тиесілі Osprey CV-22 Ивакуни базасынан Кадена базасына бағыт алуған еді.