Жамбыл облысында мас күйдегi жүргізуші жол апатына себепкер болды

Azattyq Rýhy

Жүргізуші қамаққа алынып, тергеу сотымен 2 айға санкцияланды

Жамбыл облысында мас күйдегi жүргізуші жол апатына себепкер болды

Жамбыл облысында «Тараз-Сарыкемер-Мырзатай» автожолында мас жүргізушінің салдарынан жол көлік апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 2023 жылдың 1 желтоқсанында  сағат 4:30 шамасында Дихан-2 ауылының жанында болған.

Мас күйiнде көлік басқарған 26 жастағы «ВАЗ-210» маркалы автокөліктің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол-көлік оқиғасын жасады. 

«Жол көлік апаты салдарынан көлікте болған 27 жастағы жолаушы Байзақ ауданының орталық ауруханасында қайтыс болды. Аталған дерекке қатысты  ҚР ҚК-нің  345-1-бабы 3-бөлігімен (Автокөлікті басқаратын адамның абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған мас күйінде жол қозғалысы ережелерін бұзуы)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жүргізуші қамаққа алынып, тергеу сотымен 2 айға санкцияланды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жалғасуда. Автокөлік айып тұрағына қойылды», - делінген хабарламада.

Бапқа сәйкес осы қылмысты жасағаны үшін он жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.