04.12.2023, 13:41
Оқиғалар
Қарағанды облысында ер адам қате салынған уколдан қайтыс болды
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды
Фото: patriotkaragandy
Қарағандыдағы облыстық клиникалық ауруханада дәрігерлер аллергиясы бар науқасқа «ЦЕФ-3» препаратын салған. Салдарынан азамат анафилактикалық шок алып, көз жұмған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Төрежан Мақашев қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде жұмыс істеген. Оған геморройды алып тастау операциясы жасалуы тиіс болатын. Дәрігерлер науқастың білегіне препараттарға аллергиясы барын білдіретін көк түсті жапсырмасы бар білезік те таққан. Бірақ медбике соған қарамастан ине салған. Марқұмның соңында үш баласы мен әйелі қалды.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тексеріс жүргізіліп, қателіктер анықталған.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды