$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.12.2023, 11:53
Оқиғалар

Алматыда боди-массаж жасайтын салондардың атын жамылған 13 жезөкшелер үйі анықталды

Полицейлер жезөкшелер үйін анықтау мақсатында рейд жүргізді

Алматыда боди-массаж жасайтын салондардың атын жамылған 13 жезөкшелер үйі анықталды

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес Басқармасының қызметкерлері көші-қон және жергілікті полиция қызметіндегі әріптестерінің көмегімен жергілікті рейдтер жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өткен демалыс күндері Алматыда боди-массаж жасайтын салондардың атын жамылған 13 жезөкшелер үйі анықталды.

Клиенттерге «сауықтыру шарасын» 51 жеңіл жүрісті қыз жасаған, оның 14-і Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары екендігі белгілі болды.

Шетелдік әйелдер ПД-нің қабылдап-таратуына орналастырылды», - делінген хабарламада.

Жалпы, интим қызметін көрсететін әйелдерге қатысты ҚР ӘҚбК-нің 449 бабы және ҚР ӘҚбК-нің 492 бабы бойынша 67 хаттама толтырылды, ал, ғимарат иелеріне, жезөкшелікпен айналысуға үй-жай бергені үшін  ҚР ӘҚбК-нің 450 бабы бойынша 13 әкімшілік іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары