Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғынынан гашиш пен марихуана тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

Фото: Polisia.kz

ШҚО-да ауыл тұрғынынан гашиш пен марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Серебрянск қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ жүргізу кезінде санкцияланған тінту барысында 38 жастағы жергілікті тұрғыннан 14 полиэтилен пакеті мен өсімдік тектес заттары бар қағаз бумасын, сондай-ақ ішінде қара-қоңыр түсті заты бар полиэтилен пакетке оралған литрлік банка тәркіленді.

Сараптама тәркіленген есірткі заттарының салмағы 348,96 грамм гашиш және салмағы 861,12 грамм марихуана екенін көрсетті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.