Жетісу облысында жолға шығып кеткен жылқы адам өліміне себепкер болды

Автор: Azattyq Rýhy

Көлікте жолаушы ретінде отырған 54 жастағы ер адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды

Жетісу облысында жол бойына шығып кеткен жылқы адам өліміне себепкер болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты 3 желтоқсанда таңертең Сарқан қаласының шыға берісінде Audi A8 автокөлігінің қатысуымен болды, аталған көлік кенеттен жолға атып шыққан ірі атпен соқтығысқан.

«Ауди А8 көлігінің 45 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Шетелдік көлікте жолаушы ретінде болған 54 жастағы ер адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.