3 шетел азаматы арнайы орталыққа орналастырылды
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Stop-трафик» ЖПІШ барысында қала аумағындағы жалдамалы пәтерлер мен сауналарға рейд жүргізіп, жезөкшелікпен айналысқан 51 бикешті ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ-ге сілтеме жасап.
Олардың барлығы жезөкше ретінде тағы 2 адам жеңгетай ретінде есепке алынды. Сондай-ақ 3 шетел азаматы, қабылдап-тарату орталығына орналастырылды.
Нәтижесінде «Stop-трафик» ЖПІШ барысында анықталған заң бұзушыларға қатысты жалпы 5 қылмыстық іс қозғалып, 37 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұған қоса «Кибернадзор» бағдарламасы арқылы заңмен тыйым салынған 46 сайт бұғатталды.