Алматыда хостелден шыққан өрттен зардап шеккендердің көбі Пәкістан азаматтары – әкімдік

Автор: Azattyq Rýhy

Марқұмдар медицина университетінің студенттері болған

Фото: nur.kz

Алматыда хостелден шыққан өрттен қайтыс болғандардың көбі Пәкістанның азаматтары, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Пәкістан және басқа елдердің азаматтары жатақханада тұратындардың арасында болғандығына  назар аударуды сұраймыз. Қайтыс болғандардың жеке басына қатысты ақпарат анықталғаннан кейін беріледі. Ақпарат түсуіне қарай толықтырылады», - делінген хабарламада.