Ақтауда түнгі клубта төбелескен екі полицейге қандай жаза берілді

Автор: Мира Байбек

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: lada.kz

Ақтауда түнгі клубта төбелес шығарған екі полицей жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы түнгі клубтардың бірінде екі тәртіп сақшысының төбелескені туралы ақпарат тарады.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған деректі растап, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Тәртіптік комиссияның шешімімен екі қызметкер ішкі істер органдарынан қызметінен босатылды», - делінген ПД хабарламасында.

Белгілі болғандай, кінәлі экс-полицейлер ұсталған жоқ, олар ешқайда кетпеу туралы қолхат жазған.