Полиция ата-аналарға үндеу жасады
Жамбыл облысында 4 жасар баланың басы көліктердің арасына қысылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Полиция ата-аналарға үндеу жасады.
«Жол-көлік оқиғасы Қордай ауданында болған. Төрт жасар бүлдiршiн екі көліктің арасына түсіп, бас-ми жарақатын алды», - делінген полиция хабарламасында.
Ұлын балабақшадан алып бара жатқан анасы басқа көлікті байқамай қалған.
Полиция балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ықтимал қауіптердің алдын алу және баланы олардан қорғау – ата-ананың басты міндеті екенін еске салады.
Еске салайық, бұған дейін Түркістанда жекеменшік балабақшаның жүргізушісі көлігімен 5 жасар баланы қағып өлтіргенін хабарлаған болатынбыз.