Марқұм 64 жаста болған
Жетісай ауданының 1956 жылы туған тұрғыны коронавирус инфекциясынан 4 сәуір күні қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Ал Түркістан облысында соңғы ақпаратқа сәйкес, коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тіркелді. Жалпы өңірде 23 адамда коронавирус індеті расталды.
«Қазіргі таңда Жетісай ауданында - 11, Кентау қаласында 2, Арыс қаласы - 1, Ордабасы, Сарыағаш - 1, Мақтаарал - 4, Сайрам ауданында – 2 адамнан вирус анықталды. 1 адамның өлімі тіркелді. Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған», - делінген ресми мәлімдемеде
Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.