$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«12 млн теңге залал»: Халықаралық іздеудегі Қазақстан азаматы Латвиядан экстрадицияланды

Қазіргі таңда күдікті Астананың тергеу изоляторына қамалды

«12 млн теңге залал»: Халықаралық іздеудегі Қазақстан азаматы Латвиядан экстрадицияланды
фото: t.me/GenPr

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Бас прокуратураның және ІІМ Интерпол қызметкерлерімен қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін алаяқтық жасағаны үшін Латвия Республикасынан Қазақстанның азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«2016 жылы күдікті, адам тобымен бірлесіп жәбірленушіге өздеріне тиесілі емес пәтерді сатқан. Сөйтіп сатып алушыға 12 млн теңге көлемінде залал келтірген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. Кейіннен ол Латвия аумағында ұсталды», - деп мәлімдеді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда ол Астананың тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары