Қарағандыда қоқыс жәшігінен 1 айлық нәресте табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Сәбидің анасы іздестіріліп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қарағандыда қоқыс жәшігінен бір айлық нәресте табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тәртіп сақшылары сәбидің анасын іздестіріп жатыр. Нәресте 3 сәуірде Қарағанды қаласының Октябрь ауданындағы үйлердің жанындағы қоқыс жәшігінен табылды. Дәрігерлердің айтуынша, бала шамамен 1 айлық», - деп жазылған хабарламада.

Сәбиді жедел жәрдем бригадасы тексеріп, медициналық мекемеге орналастырылды. Нәрестеде дене жарақаттары жоқ.