Павлодардағы кафеде адамдар газдан уланған

Автор: Аманалина Тоғжан

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді

Фото: tengrinews.kz

Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясына өткен жексенбіде кешкі сағат 18:05-те Шығыс өнеркәсіп аймағында орналасқан кафеде көміртегі тотығымен жаппай улану деген шақырту келіп түсті, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Дәрігерлер сегіз минутта оқиға орнына жетті. Бес адам зардап шекті– 27 және 40 жастағы екі ер адам. Оларды орташа уланумен №1 қалалық ауруханаға жеткізді», – деді станцияның баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ, 7 және 16 жастағы бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Ал 62 жастағы зардап шеккен тағы бір ер адам көмек көрсеткеннен кейін ауруханаға жатқызудан бас тартты.