$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Топтық зорлау: Қонаев қаласында оқушы қызбен төсектес болған полицейлер қамауға алынды

Облыстық ПД ресми мәлімдеме жасады

Топтық зорлау: Қонаев қаласында оқушы қызбен төсектес болған полицейлер қамауға алынды
CC0 / Anja Osenberg /

Алматы облысында мектеп оқушысын зорлаған полицейлер қамауға алынды. Оларға кәмелеттік жасқа толмаған қызға қатысты қылмыс жасады деген айып тағылған, деп хабарлады Azattyq Ruhy тілшісі.

Қос полицейді өздерінің әріптестері ұстаған. 

«Биылғы 7 қарашада полицияға Алматы облысының 43 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған қызына қатысты екі белгісіз адамның жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны туралы арызданды. Сол күні қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігінің 1-тармағы бойынша облыстық полицияда тіркелді», - деп хабарлады Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 2000 және 2001 жылдары туған күдіктілердің жеке басын анықтап, «ізін суытпай» ұстаған. Тергеу нәтижелері бойынша олар қамауқа алынды.

«Жақын арада сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу аяқталып, қылмыстық істің материалдары мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілетін болады. ҚР ҚІЖК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жария етуге  жатпайды», - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Еске салайық, бұған дейін Қонаев қаласында полиция қызметкерлері 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, ол әрекеттерін видеоға да түсіріп алғаны туралы хабарлаған болатынбыз

Серіктес жаңалықтары