Сәтбаев қаласында әйел адамның басына карниздің бір бөлігі құлап түсті

Автор: Аманалина Тоғжан

Зардап шегуші шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды

Сәтбаев қаласында нан сатып алуға дүкенге барған әйелдің басына тұрғын үйдің карнизінің сынығы түсіп кетті, деп жазады Azattyq Ruhy Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Зардап шегуші шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Тұрғындардың барлығы бес қабатты ғимарат әлдеқашан апатты жағдайда қалып, жөндеуді қажет ететіндігін айтып отыр.

«Мен екі жарақат алдым. Басымда 10 сантиметр және 4 сантиметр екі жара бар. Екі күннен бері төсек тартып жатырмын. Еңбекке жарамсыздық парағын ашамын, өйткені бұл жарақатпен ұзақ уақыт емделуім керек», - деп бөлісті жәбірленуші Светлана Головко.