Қостанай облысында өртенген үйде ес-түссіз жатқан ер адам құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ер адам ауруханаға жеткізілді, қазір оның жағдайы бірқалыпты

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Қостанай облысында учаскелік полицей 34 жастағы ауыл тұрғынын өрттен құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

15 қараша 22:00 шамасында полицияға ауыл тұрғынынан үйден күйіктің иісін сезгені туралы қоңырау түсті.

Оқиға орнына учаскелік полицей Нұрлан Қарамесов келді.

Ол бірден көрші үйге кіруге тырысады, алайда есік ішінен құлыптанған екен, терезеден қою түтін шығып жатты. 

Ол бірден есікті бұзу жөнінде шешім қабылдайды.

Әрі қарай еденде ес-түссіз жатқан 34 жастағы ер адамды далаға шығарып, алғашқы көмек көрсетті.

Ер адам ауруханаға жеткізілді, қазір оның жағдайы бірқалыпты.

Өрт төсекте темекі шегуден тұтанғаны белгілі болды.