13.11.2023, 16:23
Оқиғалар
Ақтөбе уақытша ұстау изоляторынан екі күдікті қашып кетті
Олардың қашып кеткенін мекеме қызметкерлері бірнеше сағат өткен соң білген
Фото: freepik
Ақтөбеде уақытша ұстау изоляторынан екі тұтқын қашып кетті. 19 және 25 жастағы күдіктілер кеше түнгі 03:00 шамасында қалың ұйқыға кеткен күзетшілердің қасынан оңай өтіп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Олардың қашып кеткенін мекеме қызметкерлері бірнеше сағат өткен соң білген.
Дереккөздерге сүйенсек, күдіктілердің бірі ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін, екіншісі бұзақылық бабы бойынша тұтқындалған. Полиция қашқындарды ұстады.
Қазір күзетшілердің камера есігін жабуды қалай ұмытып кеткені анықталып жатыр. Ақтөбедегі уақытша ұстау мекемесінен екі жыл бұрын да бір күдікті қашып кеткен еді. Ол да көп ұзамай қайта тұтқындалған, деп жазады qazaqstan.tv.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды