ШҚО-да көлік аударылып, жүргізуші қаза тапты

Автор: Мира Байбек

Қайғылы оқиға Өскемен – Винное тасжолының 9-шақырымында болған

Коллаж: Azattyq Ruhy

Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік апаты болып, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

YK-news жазуынша, қайғылы оқиға 12 қарашада Өскемен – Винное тасжолының 9-шы шақырымында болған.

«Полицияның хабарлауынша, қатты жылдамдықпен келе жатқан Subaru көлігі аударылып, соның салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.