$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Мектепке террористер шабуылдады»: Таразда 11 жастағы бала жалған ақпарат берген

Сотқа дейінгі тергеу басталды

«Мектепке террористер шабуылдады»: Таразда 11 жастағы бала жалған ақпарат берген
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Таразда 11 жастағы бала әзілдеймін деп, әпкесінің телефонынан полицияға қоңырау шалып, лаңкестердің мектепке шабуыл жасағаны туралы хабарлаған. Бұл туралы ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қоңырау түскен бойда барлық шұғыл қызметтер көрсетілген мекенжайға тез арада жетті. Оқу орнынан 750 адам эвакуацияланды. Полиция қызметкерлері бүкіл ғимаратты және оған іргелес аумақты толық тексерді. Тексеру нәтижесінде қандай да бір заттар мен бөгде адамдар анықталған жоқ. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында тәртіп сақшылары бұрын осы мектепте оқыған кәмелетке толмаған баланы ұстады. Психологтың, ата-анасының және мұғалімнің қатысуымен жүргізілген әңгімелесуде кәмелетке толмаған бала әпкесінің ұялы телефонынан қоңырау шалып, қалжыңдамақ болғанын жеткізген», - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Ол атағандай, осы факті бойынша ҚК-нің 273-бабымен «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Бұл ретте терроризм актісі туралы жалған хабарламалар таратқаны үшін жаза өте қатаң екенін ескертеміз, бұл бес мың АЕК-ке дейінгі айыппұл немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы. Егер қылмысты кәмелетке толмаған бала жасаса, жауапкершілік оның ата-анасына немесе заңды өкіліне жүктеледі», - деді ол.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ 

Серіктес жаңалықтары